Мұнай бағасы қайта құлдырады

Фото:depositphotos.com\ sto-noname@yandex.ru

Әлемдік мұнай бағасы қайтадан төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 65 долларға дейін түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемдік мұнай бағасы қайтадан төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 65 долларға дейін түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Brent маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстерінің бағасы Лондондағы ICE биржасында Астана уақытымен 08:25-те 2,13 пайызға төмендеп, барреліне 65,44 доллар болған.

WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы 2,09 пайызға төмендеп, барреліне 61,70 доллар болды.

Реклама
Реклама

Мұнай бағасы Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздерге байланысты қысымда қалып отыр: егер тараптар прогреске қолжеткізсе, бұл АҚШ санкцияларының жеңілдеуіне және Иран мұнайының әлемдік нарыққа қайта оралуына әкелуі мүмкін. АҚШ пен Иран үш раунд кеңесу өткізді, төртінші раунд алдағы сенбіге жоспарланған.

Нарыққа қосымша қысым ОПЕК+ елдерінің мұнай өндіру көлемін арттыру ықтималдығынан туындап отыр, бұл да инвесторлардың алаңдаушылығын тудырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама