30 мамыр 2022 13:41

Мұнай бағасы өсіп жатыр

Фото: elements.envato.com

Ресейге қарсы санкциялар туралы өтетін Еуропалық одақтың (ЕО) отырысы қарсаңында мұнай бағасы көтеріліп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейге қарсы санкциялар туралы өтетін Еуропалық одақтың (ЕО) отырысы қарсаңында мұнай бағасы көтеріліп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Brent маркалы мұнайдың жарамдылық мерзімі сейсенбіде аяқталатын шілде айындағы фьючерстік келісімшарты сессия басында 0,3 пайызға, барреліне 119,80 АҚШ долларына (51990 теңге) дейін өсті. Тамыз келісімшарты Brent барреліне 0,6 пайызға, 116,23 долларға (50442 теңге) дейін өсті.

Осы уақытта WTI маркалы мұнай фьючерстері де барреліне 0,7 пайызға, 115,85 долларға (50276 теңге) дейін қымбаттап, өткен аптадан бері сенімді өсіп келеді.

Реклама
Реклама

ЕО елдері дүйсенбі мен сейсенбіде Украинаға басып кірген Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін талқылау үшін кездеседі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram