26 шілде 2022 | 12:21

Мұнай бағасы өсіп жатыр

Сұлу Бөлек Корреспондент

Әлемде мұнай бағасы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлемде мұнай бағасы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері бір күн бұрын 1,9 пайызға, кейін тағы 0,4 пайызға өсіп, барреліне 105,6 доллар болды. АҚШ-тың Батыс Техас мұнайының (WTI) қыркүйектегі фьючерстері де барреліне 0,4 пайызға өсті.

Дүйсенбіде Ресей Еуропаға қысымды күшейтті, өйткені "Газпром" Германияға "Солтүстік ағын - 1" құбыры арқылы жеткізілім 20 пайызға дейін төмендейтінін мәлімдеді. Reuters агенттігі мәліметінше, Ресей жеткізілімдерін қысқарту ЕО елдеріне табиғи газды қысқа мерзімде жеткізу жоспарын орындауға кедергі келтіруі мүмкін.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Brent және WTI арасындағы алшақтық 2019 жылғы маусымынан бері байқалмаған, өйткені АҚШ-тың бензинге сұранысының төмендеуі америкалық мұнай бағасына қысым болады.

Бұған дейін мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 5 доллардан аса өсіп, кейін төмендеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная