ПОДЕЛИТЬСЯ
15 желтоқсан 2020 | 12:42
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Әлемде мұнай бағасы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлемде мұнай бағасы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
Дереккөз мәліметінше, нарық коронавирус пандемиясына байланысты жағдайды бақылап отыр: вирус жұқтырғандар санының өсуі, экономикалық шектеудің күшеюі.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11.16-дегі дерек бойынша, ақпандағы фьючерсте Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының бағасы 0,7 пайызға арзандап, барреліне 49,94 долларға дейін, ал қаңтардағы фьючерстерте WTI маркалы мұнайының бағасы 0,68 пайызға төмендеп, барреліне 46,67 доллар болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 71 миллионнан асқан.
АҚШ-та, Азия мен Еуропаның бірқатар елінде COVID-19 жұқтырудың жаңа дерегі тіркеліп жатыр. Бұл билікті карантин шектеулерін қатаңдатуға итермелейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также