ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қазан 2020 | 16:39
Мұнай барреліне 38 доллардан арзандады
15 маусымнан бері мұнай бағасы барреліне 38 доллардан төмендеді. Бұған Лондон биржасының деректері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
15 маусымнан бері мұнай бағасы барреліне 38 доллардан төмендеді. Бұған Лондон биржасының деректері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.52-де Brent маркалы мұнайға желтоқсан фьючерстерінің бағасы 3,246 пайыз төмендеп, 37,85 долларға дейін арзандады, ал WTI бағасы 3,343 пайыз азайып, барреліне 36,14 доллар болды.
Еске салайық, 28 қазанда кешке АҚШ-та қордың өсімі бойынша статистикадан кейін мұнай құны 5-6 пайыз төмендеді. Елдегі коммерциялық қор 23 қазаннан бастап апта ішінде 4,3 миллион баррельге көбейді. Сарапшылар 1,2 миллион баррель өсім болатынын болжаған. Қордан бөлек елде мұнай шығару көлемі де артты - күніне 1,2 миллион баррель, тәулігіне 11,1 миллион баррель.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также