09 қыркүйек 2014 09:58

Мұнай экспортына баж салығын көтеру арқылы жанармай тапшылығын шеше аламыз ба?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Білесіздер, бізде жыл сайын жанар-жағармай тапшылығы орын алады. Биыл бұл мәселе тіптен ушығып кетті. Сарапшыларымыз алдағы уақытта күзгі жиын-терім барысында бензин «безгегі» тіптен асқынуы мүмкін екенін алға тартуда. Мамандардың пайымдауынша, Үкімет болашақта жанар-жағармай тапшылығын шешуге қатысты сауатты шешімдер легін түзбесе, түйткілдің тарқар түрі көрінбейді.


Білесіздер, бізде жыл сайын жанар-жағармай тапшылығы орын алады. Биыл бұл мәселе тіптен ушығып кетті. Сарапшыларымыз алдағы уақытта күзгі жиын-терім барысында бензин «безгегі» тіптен асқынуы мүмкін екенін алға тартуда. Мамандардың пайымдауынша, Үкімет болашақта жанар-жағармай тапшылығын шешуге қатысты сауатты шешімдер легін түзбесе, түйткілдің тарқар түрі көрінбейді.

Жанармайға қатысты деректерге жүгінсек, жыл басынан бері елде жанармай өндіру 9,5 пайызға төмендепті. Бұл ретте, отандық мұнай өндiрушiлердің өнiмiн тек сыртқа ғана шығарып, осылайша пайда табуды көздейтінін айтып отырған мамандар нақ қазір елден экспортталатын мұнай өнiмдерiне кедендiк баж салығын көтеру туралы ұсыныстар айтуда. «Ресей биыл жыл басында ашық түстi мұнай өнiмдерiне экспорттық кедендiк баж салығын өсiрдi. Ал бiз iшкi нарыққа қажеттi жоғары октанды бензиннiң 40 пайызын осы Ресейден аламыз. Ол жақтан келiп түсетiн жанармайдың бағасы жоғары болғандықтан, бiздiң iшкi нарықта да оның бағасы күрт өсiп тұр. Осыған орай біз жанар-жағармайға ғана емес, елдегі шикі мұнайдың экспортына баж салығын көтеру арқылы жанармай тапшылығын шеше аламыз», - дейді мамандар. Сонымен, мұнай экспортына баж салығын көтеру арқылы өнім тапшылығын шеше аламыз ба? Мұндайда қалай әрекет еткен жөн? Ресей болашақта шетке экспорттайтын мұнайына баж салығын тағы көтеретін болса, бізге қайтпек керек? «Алаш айнасы» осы сауалдарға жауап іздеуді жөн көрді.

Жалпы, қазір мұнай-газ өнеркәсібін дамыту, мұнай өнімдеріне, оның ішінде жанар-жағармай мен дизельді отынға бақылауды күшейту Үкіметтің басты назарда ұстайтын бағыттарының біріне айналып отыр. Егер деректерге жүгінсек, өткен жылы күзде 1 тонна дизель отыны 520 долларды құраса, биыл бұл көрсеткіш 1000 доллардан асып-жығылыпты. Жоғарыда сөз еткеніміздей, елге жанар-жағармай көлемінің 40 пайыздан астамы сырттан келетінін, мұнайымыздың басым бөлігін шикі күйінше сыртқа экспорттайтынымызды ескерсек, мамандардың «мұнай экспортына баж салығын өсіру қажет, сол арқылы пайданы еселей отырып, ішкі нарықтағы тапшылықтың орнын толтыруға болады» дегеніне назар аудару керек тәрізді.

Жаңабай Алдабергенов, экономист-ғалым:

– Ресей бұл әдісті әлдеқашан тәжірибесіне енгізді. Келер күзден бастап Ресей үкіметі шетке экспортталатын мұнайға баж салығын тағы көтермек. Ондағы мұнай экспортына салынатын баж салығының бір тоннасы бір ғана Urals сортына 444 долларды құрап отыр. Осындайда амалсыз «біз неге бұл әдісті қолданысқа енгізбей отырмыз» деп қынжыласың. Бұл тәсілді бізге қолданған абзал. Егер біз сыртқа экспортталатын мұнайға кедендік баж салығын көтеретін болсақ, сыртқы нарыққа орынды-орынсыз кетіп жатқан мұнайдың көлемін шектер едік. Мұндайда кедендік баж салығының құны өскеннен кейін отандық мұнай өндірушілер амалсыз өнімдерін ішкі нарықта өңдеуге жіберер еді. Бұдан барып ішкі нарыққа келіп түсетін өнім түрі көбейеді де, осы үрдіс жанар-жағармай бағасының тұрақтауына әкеліп соқтырады. Сондықтан өз басым, күзгі жиын-терім кезінде ауқымды мәселе туындамасын десек, осы әдісті қолға алуға тиіспіз. Қазір елдегі жағдайдың өзі мұны қажет етіп отыр. Өйткені біздегі мұнай өндірісінің аяқ алысы сіз бен бізге белгілі. Мемлекетіміздегі мұнай өңдейтін компаниялардың дені шетелдік алпауыттардың қолында. Олар көктемгі егістік кезінде және күзгі жиын-терім кезінде өз жұмыстарын бәсеңдетіп тастайды. Тіпті сол компаниялардың әр нәрсені сылтау етіп мұнай өңдеу жұмыстарын тоқтатып та тастайтын күндері болды. Бұл сәтте бізге қосымша көмекке келетін елде шағын мұнай өңдейтін зауыттар жоқтың қасы. Олардың ісі тіптен мардымсыз. Ендігі кезекте амалсыз сыртқа экспортталатын мұнайға бақылауды күшейткен абзал. Оған салынатын салық мөлшерін өсіру керек. Міне, осы кезде елдегі мұнай өңдейтін алпауыт компаниялардың да жұмысы реттеледі. Бұған мемлекеттік қадағалау қажет. Бұлай етпесек, күні ертең күзгі жиын терім науқанында «ауызды қу шөппен сүртіп» жанармай тапшылығы тіптен шырқау шегіне жетеді. Сондықтан бұл істі кешеуілдетпей, уәкілетті органдар осыған мән берсе деймін. Бұған қоса айта кетер тағы бір жайт, қазірде Еуропа Ресейдің ең ірі мұнай-газ өндіруші компаниялары «Роснефть» пен «Газпромға» қатысты жаңа санкциялар салмақшы. Ал енді бұл екі компанияға салынар санкциялар қатайтылса, онда олардың сыртқа шығаратын өнімдерінің бағасы да өзінен өзі қымбаттайды. Ресейден алатын өнім бағасы өсетін болса, біздің нарықтағы баға да бұғаудан босайды. Себебі біз нарықтағы өнім тапшылығының 40-50 пайызын Ресей арқылы толықтырып отырмыз. Осы арада экспортталатын мұнай шикізатын көмекке алуымыз керек. Сыртқа кететін мұнайға бақылау орнатылуы керек. Баж салығы өсірілуі тиіс. Сондықтан бұл мәселе жөнінде үкіметтік тұрғыда шешімдер қабылдануы тиіс.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети