07 желтоқсан 2019 | 09:41

Мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты - Энергетика министрлігі

©Tengrinews.kz фотоколлажы

ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында энергетика министрі Әсет Мағауов Қазақстанның мұнай саласының дамуы туралы баяндай отырып, 2019 жылдың 11 айында мұнай өнімдері өндірісінің көлемі біршама артқанын атап өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында энергетика министрі Әсет Мағауов Қазақстанның мұнай саласының дамуы туралы баяндай отырып, 2019 жылдың 11 айында мұнай өнімдері өндірісінің көлемі біршама артқанын атап өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Барлық мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуы аяқталды. Мәселен, 2018 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауыты, 2017 жылы Атырау және Павлодар МӨЗ-дері жаңғыртылды. 

Реклама
Реклама

2019 жылға мұнай өңдеу жоспары - 17 миллион тонна. Ол асыра орындалады деп күтілуде.  Жыл соңында күтілетін өңдеу - 17,169, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 4,7 пайызға артық. 

2019 жылғы 11 айда мұнай өнімдерін өндіру көлемі өңдеудің артуына және МӨЗ-дердің жаңғыртылуының аяқталуына орай біршама артты. 

Мәселен, 2019 жылдың 11 айында мұнай өнімдерін өндіру көлемі құрады: 

автобензин - 4 078,9 мың тонна (2018 жылғы ұқсас кезеңге 114,2 пайыз); 
авиакеросин - 577,2 мың тонна (2018 жылғы ұқсас кезеңге 170,4 пайыз);
дизель отыны - 4 446,5 мың тонна (2018 жылғы ұқсас кезеңге 107,9 пайыз);
мазут - 2 496,1 мың тонна (2018 жылғы ұқсас кезеңге 97,6 пайыз).

"Жалпы, мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты", - деді Әсет Мағауов.

Сонымен қатар, вице-министр болашақта еліміздің ішкі нарығын қамтамасыз еткен соң еркін көлемдер болған жағдайда жоғары октанды қазақстандық бензин экспортының көлемін ұлғайту жоспарланып отырғанын хабарлады. 

Бұл ретте, шекаралас облыстардан мұнай өнімдерінің санкцияланбаған ағымын болдырмау мақсатында Энергетика министрлігі қаржы, ішкі істер министрліктерімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен тасымалдауға тыйым салу туралы бұйрықты бекітті. 

"Бізде бензиннің артық қоры болғандықтан, біз биыл шілде айынан бастап көршілес елдерге экспортты бастадық. Жазғы кезеңде бізде айына 8-10 мың тонна жұмсалатын. Әрине, біз мөлшері бұдан көп болады деп күттік, 50 тоннадан 80 тоннаға дейін деп бағамдадық. Бірақ, өкінішке орай, шекаралас елдерге ағымы бұл көлемдерді "шайып" жіберіп, Министрлік мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен тасымалдауға тыйым салу туралы бұйрық шығарды. Қараша айында біз бензин қалдығының көп екенін көріп отырмыз", - деп түсіндірді вице-министр.

Осылайша, алдын-ала мәліметтер бойынша, қараша айына жанармай экспорты 80 мың тоннаны құрайды. Желтоқсанда бензин қалдығының бұдан да көп қорының қалатыны болжанып отыр, демек, экспорттың желтоқсандағы көлемі 100 мың тоннаға жуық болуы тиіс. Бұл Қазақстан Республикасының бюджетіне экспорттық кеден салығы түріндегі салық түсімдерін арттырады. Жанармайдың әр тоннасынан бюджетке экспорттық кеден салығы ретінде 50-55 доллар жуық қаржы түседі. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная