ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 шілде 2024 10:41
Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр
Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің құны Астана уақытымен сағат 10:12-дегі сауда деректері бойынша 1,43 пайызға төмендеп, барреліне 81,22 доллар болды.
WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 1,56 пайызға арзандап, барреліне 77,17 доллар болды.
Айта кетейік, өткен аптада Brent және WTI 2 және 3 пайызға қымбаттап, барреліне сәйкесінше 85,36 және 83,28 долларға дейін көтерілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу