ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 маусым 2024 09:43
Мұнайдың бағасы көтеріле бастады
Мұнайдың әлемдік бағасы көтеріле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстері құны Астана уақытымен 08:25-тегі сауда деректері бойынша 1,53 пайызға өсіп, барреліне 78,71 доллар болады.
Шілдеде жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстері 1,72 пайызға өсіп, барреліне 74,51 доллар болған.
Айта кетейік, 4 маусымда Brent маркалы мұнай бағасы 2 пайызға дерлік арзандап, барреліне 76 долларға, WTI 2,11 пайызға, барреліне 72 долларға дейін төмендеген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу