Назарбаев отандық автоөндірушілерді көлік бағасын төмендетуге шақырды

©Тengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарда отандық автокөлік сатып алуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Индустрияландыру күні өтіп жатыр. Жалпыұлттық телекөпір кезінде Allur Group компаниясының жетекшісі Андрей Лаврентьев өз кәсіпорны туралы айтып берді. Осыдан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорынның жеткен жетістіктеріне мақтау айтты.

"Ірі кәсіпорын көзді қуантады, жеңіл авто мен жүк көліктерін құрастыратын машина жасаудың алыптарымен теңескендеріңізбен құттықтаймын. Бәрі бізде жұмыс істегісі келеді. Себебі біз ол үшін барлық жағдайды жасадық. Жақсы маркетинг жасау керек, сапаны арттырып, өзіндік құнын төмендету керек. Барлығын отандық автомобиль сатып алуға шақыру керек, олар өзгелерден жаман емес, ал бағасына келсек - өте тиімді", - деді Назарбаев. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін депутаттар шенеуніктерді отандық автокөліктерге отырғызуды заңмен бекітуді ұсынған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама