02 ақпан 2021 17:03

Nike қолдың көмегінсіз киюге болатын кроссовкасын көрсетті

Америкалық Nike спорттық киімдер бренді қолдың көмегінсіз киіп, шешуге болатын алғашқы кроссовкаларды көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gizmodo-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Nike спорттық киімдер бренді қолдың көмегінсіз киіп, шешуге болатын алғашқы кроссовкаларды көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gizmodo-ға сілтеме жасап.

Компания өкілдері Gо FlyEase деп аталатын кроссовка мүмкіндігі шектеулі адамдарға келеді және пандемия кезінде өзекті болады деп санайды, себебі қолыңмен артық нәрсе ұстамайсың.

Реклама
Реклама

Nike аяқ киімді екіге "бөле алатын" топсалы механизмі бар, сол арқылы аяқты еркін кіргізуге мүмкіндік беретін кроссовка жасап шықты. Кроссовканы шешкенде, оның негізгі бөлігі жоғары көтеріледі, ал артқы жағы түседі. Кроссовканы кию үшін аяқты кіргізіп, содан кейін өкшемен басу керек.

Go FlyEase-те бау жоқ. Олардың орнына резеңке қолданылады, ол өкше жақта орналасқан. Ақпарат бойынша, оған адам тез үйреніп кетеді. 

Әзірлеушілердің айтуынша, бұл процесс көптеген адамның кроссовканы шешіп, киюінен еш айырмашылығы жоқ, сондықтан ол интуитив түрде түсінікті және ұзақ уақытты қажет етпейді.

Кроссовканың құны 120 доллар (50 мың теңгеден асады). Жаңа аяқ киім кейбіреулер үшін 15 ақпаннан бастап қол жетімді болады, ал кең сатылымға 2021 жылдың соңында шығады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram