12 шілде 2017 17:53

ОҚО диқандары Ресейге 51 мың тонна қауын-қарбыз экспорттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Udoktora.net © Udoktora.net

ОҚО диқандары Ресейге 51 мың тонна қауын-қарбыз экспорттаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


ОҚО диқандары Ресейге 51 мың тонна қауын-қарбыз экспорттаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Оңтүстік Қазақстан облысындағы диқандар қауын-қарбыз өсіруді шебер меңгеріп, бақша дақылдарының экспортқа жарамды неше түрлі сорттарын шығаруда. Биылғы жылы облыс бойынша 57 мың гектар жерге қауын-қарбыз егілсе, олардан 224 мың тонна өнім жиналып отыр. Жиналған өнімнің ішінде 166 мың тоннасы қарбыз, 58 мың тоннасы қауын.

Аграрлы аймақ диқандары қазіргі таңда жиналған бақша дақылдарын жергілікті сауда орындарынан бөлек, еліміздің өзге аймақтары мен  шет елдеріне экспортқа шығаруда.  Мәселен, Ресейге 35 мың тонна қарбыз, 16 мың тонна қауын, ал Беларусь еліне 481 тонна қауын-қарбыз жөнелтілсе, Латвияға 127 тонна қауын эспортталған. Ал қалғаны ел нарығында сатылуда.

Ал, бүгінде бақша дақылдарын егуде облыстағы ең ірі агро аймақ болып саналатын Мақтаарал ауданының тұрғындары  24 мың гектар жерге бақша өнімін еккен. Диқандар егілген қауын-қарбыздан 74 мың тоннадан астам өнім жинап, саудалаған. Олар өнімнің 70 пайызын шетелге, қалған 30 пайызын отандық нарыққа шығарған.

Мақтаралдық диқандар былтыр эскпорт пен ішкі нарықты қоса есептегенде 7,6 миллиард теңгенің қауын-қарбызын сатқан. Бұл қаржының 70 пайызы шет елдермен арадағы саудадан түскен. Биыл егілген қауын-қарбыздың көлемі 1000 гектарға артық, сондықтан да өнім көлемі мен түсетін табыс былтырғыға қарағанда жоғары болады деп күтілуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети