Өңірлік проблемалар Қазақстан мен Түркия арасындағы саудаға әсер етті - Ердоған

Өңірлік проблемалар Қазақстан мен Түркия арасындағы саудаға әсер етті - Ердоған © Тұрар Қазанғапов

Өңірлік және жаһандық проблемалар Қазақстан мен Түркия арасындағы саудаға әсер етті. Бұл туралы Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы кездері кейбір өңірлік және жаһандық проблемалар біздің сауда қатынасымызға кері әсерін тигізді. Біз сол проблемаларды шешуіміз керек. Біз бұл сұрақтарды кездесу барасында талқыладық", - деді Ердоған Ақордадағы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен келіссөздерден кейін.

"Біз 10 миллиардтық тауар айналымына жету үшін бар күшімізді салуымыз керек. Сыртқы сауда айналамындағы құлдыраушылық жойылып, сол цифрлар таяуда қайта теңеледі деп сенемін", - деді Түркия президенті.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама