14 желтоқсан 2021 12:58

ОПЕК омикрон штамының мұнай нарығына әсерін бағалады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) жаңа омикрон штамы мұнай нарығына айтарлықтай әсер етпейді деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) жаңа омикрон штамы мұнай нарығына айтарлықтай әсер етпейді деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымға сілтеме жасап.

Ұйым мәліметінше, коронавирустың жаңа омикрон штамының таралуы мұнайды тұтыну қарқынына айтарлықтай әсер етпейді, өйткені әлемде вакцинация деңгейі өсіп келеді.

"Омикрон нұсқасының әсері орташа және қысқа мерзімді болады деп болжанған, өйткені әлем қазірдің өзінде COVID-19-ға қарсы күреске жабдықталған. Бұл дамыған және дамушы елдердегі сенімді экономикалық болжамға қосымша", - делінген құжатта.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ОПЕК сарапшылары бензинге әлемдік сұраныс өсіп, пандемияға дейінгі деңгейден асып түседі деп есептейді.

ОПЕК болжамы бойынша биыл көрсеткіш тәулігіне 5,7 миллион ​​баррельге дейін өседі деп күтіледі. 2022 жылға арналған болжам да өзгеріссіз – тәулігіне 4,2 миллион баррель деңгейінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram