09 тамыз 2016 14:11

Проблемалық қарыз алушылардың үштен екісі кредиторлардан қашып жүр - ҚР Ұлттық банкі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© noteru.com © noteru.com

Мерзімінде несиені төлемеген қазақстандықтардың үштен екісі (64,1 пайыз) несие берушілерден қашып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәліметті ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығындағы әдістер департаментінің директоры Нұрлан Әбдрахманов "Жинақтаушы әрекет туралы" заңнамасына болжамды толықтыруларды талқылау кезінде мәлімдеді.


Мерзімінде несиені төлемеген қазақстандықтардың үштен екісі (64,1 пайыз) несие берушілерден қашып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәліметті ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығындағы әдістер департаментінің директоры Нұрлан Әбдрахманов "Жинақтаушы әрекет туралы" заңнамасына болжамды толықтыруларды талқылау кезінде мәлімдеді.

Қарыз алушылардың ішінде 90 күннен аса уақыт бойы қарызын төлемегендердің саны - 1 миллион 40 мың. Тұтынушылық кредит алғандардың саны - 661 мың 778 адам. "Бұл шамамен қарызын төлемей жүрген адамдардың 66 пайызын құрайды, - деді Әбдрахманов.

ҚР ҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев атап өткендей, заң жобасы Қазақстанда жан-жақты талқыланды, бұл заңды маңызды әлеуметтік жобалардың санатына жатқызуға мүмкіндік береді. Оның айтуынша, бүгінгі күні борышты өндіріп алушылардың қызметін реттейтін заңды қабылдау қажеттілігі туындап отыр.

Ұлттық Банк мынадай статистиканы келтірді - қазіргі кезде проблемалық берешекті қайтару үшін 35 банктің 17-сі коллекторлық агенттіктердің қызметін пайдаланады. Бұл ретте қызметіне халықтан төлем жинау кіретін, 205 ресми тіркелген ұйымның 59 коллекторлық агенттіктермен банктер өзара іс-әрекет жасайды. Сонымен қатар, қаржы реттеушісінің деректері бойынша 2016 жылғы мамырдағы жағдай бойынша коллекторлық агенттіктер 894 050 қарыз алушыдан өндіріп алуда, бұл жеке тұлғаларға берілген барлық кредиттің 17 пайыздан астамын (немесе 90 және одан көп күннен астам мерзімі өткен кредиттердің 86 пайызын) құрайды.

"Бүгінгі күні коллекторлық агенттіктер мен банктердің қарыз алушылары арасындағы қатынастарға қандай да болсын әсер ету құралдары жоқ. Осылайша, борыштарын банктер коллекторларға берген Қазақстандықтар қазіргі кезде реттелмейтін секторда және олар Ұлттық Банктің реттеу аясында бола отырып иеленуі мүмкін қорғанышын жоғалтып отыр", - деп жалғастырды А. Терентьев.

ҚР ҰБ-тың Қаржы нарығының әдіснамасы департаментінің директоры Нұрлан Әбдірахмановтың айтуы бойынша, халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін коллекторлық қызмет көрсету саласында құқықтық реттеуді енгізу беделі күмән туғызатын, меншігі оффшорлық аймақтарда тіркелген, құрылымы айқын емес ұйымдардың жұмыс істеуін және олардың қарыз алушыларымен өзара әрекеттесуді болдырмауға мүмкіндік береді.

Кездесуге қатысқан Қазақстанның қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері коллекторлардың қызметін кешенді құқықтық реттеу Қазақстанда коллекторлық қызметтердің айқын әрі өркениетті нарығын құруға көмектесетініне келісті.

Өз кезегінде, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері заң жобасы қабылданған кезде оның Қазақстан халқына ықпал етуіне, мемлекет үшін әкелетін пайдасына, сондай-ақ коллекторлық агенттіктер қызметін регламенттеудің артықшылықтарына көңіл бөлді. ҚР ҰБ өкілдері заң жобасының азаматтар үшін тиімділігін белгілеп берді – бұл өз құқықтарын қорғаудың нақты тетіктерінің болуы, және салдары ретінде коллекторлық ұйымдарға деген сенімнің артуы. Сондай-ақ, Әбдірахмановтың айтуы бойынша, коллекторлық агенттіктердің түсіндірме жұмыстары қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өздерінің борыштық ауыртпалықтарын төмендету тәсілдері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекет үшін оң аспектілер - бұл меншіктің айқын құрылымы және мемлекет тарапынан Ұлттық Банк арқылы бақылауға, қадағалауға жататын қызметкерлердің тиісті штаты бар, экономикалық қызметтің реттелетін субъектісінің болуы. Сонымен бірге кредиторлардың сот сатыларына өтініштерін қысқарту арқылы сот органдарына қысымның төмендеуі күтіледі", - деп атап өтті ол.

"Заң жобасы қолданысқа енгізілгеннен кейін борышкерлермен Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен заңды  тұлғалар - коллекторлық агенттіктер ғана жұмыс істейтін болады. Осы талапты бұзғаны үшін осындай ұйымның бірінші басшысының қылмыстық жауапкершілігі көзделеді, - деп атап өтті Әбдірахманов. - Бұл ретте азаматтармен өзара іс-әрекетті  коллекторлық агенттіктің оң іскерлік беделі, жоғары білімі және жұмыс тәжірибесі бар, соттылығы және психикалық ауытқулары жоқ қызметкерлері жүзеге асыратын болады».

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети