Қашағаннан коммерциялық мұнай шығарыла бастады - министр

Tengrinews.kz архивінен

?аша?ан кен орнынан м?най ?ндіру к?лемі ?араша айында т?улігіне 75 мы? баррельге дейін жетті. Б?л туралы М?жілісте ?ткен ?кімет са?аты барысында энергетика министрі ?анат Бозымбаев м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қашаған кен орнынан мұнай өндіру көлемі қараша айында тәулігіне 75 мың баррельге дейін жетті. Бұл туралы Мәжілісте өткен үкімет сағаты барысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2016 жылдың 28 қыркүйегінде Қашаған кен орнында қайтадан мұнай өндіріле бастады. 14 қазанда "ҚазТрансОйл" және КҚК (Каспий құбыр консорциумы) құбыр жүйесі арқылы тауарлық мұнайдың алғашқы партиясы жөнелтілді және "Интергаз Орталық Азия" газ құбыры арқылы тауарлық газ жеткізілді. Биыл 1 қарашада Қашаған жобасы коммерциялық мұнай шығару деңгейіне жетті, басқаша айтқанда, тәулігіне 75 мың баррельден асты", -деді Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, 2016 жылдың 19 қарашасында кен орнында 450 мың тонна мұнай шығарылды. Жыл соңына дейін 1,1 миллион тонна мұнай шығару жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама