Қазақстанда азық-түлік өнімдері арзандады

© pexels.com

?аза?станда азы?-т?лік ?німдері 0,9 пайыз?а арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?лтты? экономика министрлігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда азық-түлік өнімдері 0,9 пайызға арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, азық-түлік тауарлары бағасының 0,9 пайызға төмендеуі инфляцияның 0,1 пайыздық тармаққа төмендеуіне үлес қосты. Айтуларынша, бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің 9,2 пайызға маусымдық арзандауымен байланысты. Жаңа піскен жемістердің бағасы 4,4 пайызға, жаңа піскен көкөністер 13,2 пайызға, картоп 20,4 пайызға төмендеді.

Сонымен қатар, құмшекер бағасының 2,2 пайызға, қарақұмық жармасының 2,9 пайызға, жұмыртқаның 1,5 пайызға төмендегендігі байқалады. Статистика деректеріне қарағанда, жыл басында 19 әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарының баға индексі 1,1 пайызды құрады.

Реклама
Реклама

"Тамызда жекелеген азық-түлік бағасының: шұжықтың 1,4 пайызға, құс етінің 1,2 пайызға, сиыр және шошқа етінің 1,1 пайызға, жылқы және қой етінің 0,4 пайызға артқаны байқалды. Сүт өнімдерінің бағасы 1,2 пайызға, алкогольді ішімдіктер 1 пайызға өсті", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама