Қазақстанда кинотеатр билеттері қымбаттады

Қазақстанда кинотеатр билеттері қымбаттады © Yvision.kz

Елімізде кинотеатр билеттері қымбаттады, - деп хабарлады "Хабар 24".

Елімізде кинотеатр билеттері қымбаттады, - деп хабарлады "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, Қазақстанда кино билеттері қымбаттаған. Орташа баға - 1224 теңге. Еліміздегі ең қымбат билеттер Атырауда сатылады.

Ranking.kz деректеріне сүйенсек, мұндағы билеттердің орташа құны - 1749 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары. Астана мен Көкшетауда да билет құны қымбат. Дегенмен, Астанада баға сәл төмендеген. Ал Қарағанды мен Оралда киноны шамамен 970 теңгеге тамашалауға болады.

Жарнама
Жарнама

Жалпы жыл басынан бері мәдениет, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметтер 5,2 пайызға қымбат бағаланған. Мамандар мұндай көрініс соңғы жылдары қалыпты жағдайға айналғанын айтып отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама