Қазақстанда Ресей алкоголінің танымал маркаларын сатуға тыйым салынды

©РИА Новости

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті тағам қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін Ресей алкоголін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тағам қауіпсіздігі талаптарына сай келмеуі себепті Ресей Федерациясында өндірілген мына алкоголь өнімдерінің Қазақстан Республикасы аумағында тұрғындарға сатылуына тыйым салынды: "Талка", "Империя", "Дикий гусь", "Зеленая марка "Ржаная", "Русский гарант качества", "Рублевка", "Посольская" арақтары; Miller Genuine Draft, "Hoegaarden White белое" сыра сусындары; Grolsch Premium Lager, Brahma, Pilsner Urguell, "Жигули" барное, бархатное", "Жигулевское" оригинальное", "Бад", Lowenbrau Original оригинальное" сыралары", - делінген хабарламада.

Комитет тұтынушылар мен кәсіпкерлерге келеңсіз жайттарға тап болмау үшін аталған өнімдерге назар аударуға кеңес береді.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама