Қазақстанда теңгенің құлдырауы қолданыста болған автомобильдердің саудасына қалай әсер етті

© Тұрар Қазанғапов

Kolesa.kz сайтының сарапшылары Қазақстанның қолданыста болған автомобильдері нарығындағы белсенділіктің төмендегенін айтты.

2015 жылы автомобиль нарығында бірнеше маңызды оқиға болды: Ресейден жаңа және қолданыста болған автомобильдердің жаппай әкелінуі; автосалондарда көлік сатылымының күрт бәсеңдеуі (бұған мемлекеттік бағдарламалар да, автонесиелеу де бөгет бола алмады); теңге бағамының төмендеуі.  

"Көптеген сатушыға екі мәселе жаздың соңына дейін шешусіз қалды: сатылатын автомобильдің бағасы қандай болу керек және оны қазір қандай валютамен сатқан қолайлы? Көп адам көліктерін сатуға да, сатып алуға да асықпады", - деді басылым мамандары.

Реклама
Реклама

Автомобильдің сатылатыны туралы жарнаманың азаю кестесі.

Өткен жылдың басында сайтта автомобильдің сатылатыны туралы жарнама саны жарты миллионға жуық болса, жыл соңына қарай ол 350-360 мыңға дейін азайған. Автомобиль сатылымының шарықтау шыңы ақпанда болыпты.

Ал қыркүйек айында сайтта автомобиль сату туралы 339 810 жарнама ғана жарияланды. Қазан айында бұл көрсеткіш 352 951-ге жетті. Сарапшылар автомобиль сатылымының азаюы ұлттық валютаның құлдырауымен тікелей байланысты деп отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама