Қазақстандықтар бір айда шамамен 25 мың теңгеге сауда жасайды - сарапшылар

©РИА Новости

Қазақстандықтар азық-түлік үшін айына орташа есеппен 25 мың теңге қаржы жұмсайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz  Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

"Әр қазақстандық ай сайын шамамен 25,4 мың теңгеге сауда жасайды. Мұны сауда орындарында тіркелген чектер дәлелдеп беріп отыр. Бұл көрсеткішті сәуір айымен салыстырсақ, ол кезде бұл көлем шамамен 18,3 мың теңгені құраған еді", - дейді порталдың сарапшылары. 

Олардың ақпаратына сүйенсек, Қазақстанның сегіз аймағында тіркелген сауда-саттық көлемінің көрсеткіші шамамен бір адамға кем. Оған сауда айналымының касса арқылы өтпеуі себеп. 

Реклама
Реклама

Көрсеткіші ең үлкен айлық чек Алматы қаласында тіркелген. Алматы тұрғыны 81,5 мың теңгеге сауда жасаған. Мұнан кейінгі орында 57,9 мыңдық чекпен Астана қаласы тұр.  Үшінші орынды Ақтөбе облысының тұрғыны 35,1 мың теңгелік чекпен түйіндепті. 

Айлық көрсеткіші 7,7 мың теңгені құрайтын ең төмен сауда чегі Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Ал, Алматы облысында бұл көрсеткіш 8,6 мың теңге. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама