Қазақстандықтар тамызда шетел валютасын 60 пайызға көп сатып алған

© ТВЦ

2017 жыл?ы тамызда халы?ты? ?олма-?ол шетел валютасын (А?Ш доллары, Ресей рублі, еуро) сатып алу  шы?ыстары нетто-негізде 313,6 миллиард те?ге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?лтты? банкті? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

2017 жылғы тамызда халықтың қолма-қол шетел валютасын (АҚШ доллары, Ресей рублі, еуро) сатып алу  шығыстары нетто-негізде 313,6 миллиард теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы шығыстардың құрылымында негізгі көлем АҚШ долларын (93 пайыз) сатып алуға бағытталған, Ресей рублі мен еуроның үлесі тиісінше 1,5 және 5,5 пайыз. "Алдыңғы аймен салыстырғанда қолма-қол шетел валютасын сатып алу шығыстары 59,6 пайызға ұлғайды, бұл ретте АҚШ долларын сатып алу шығыстары 2,2 есе өсті,  Ресей рублі мен еуроны сатып алу шығыстары тиісінше 89 және 3 пайызға төмендеді", - делінген ҰБ хабарламасында.

Биылғы қаңтар-тамызда қолма-қол шетел валютасын сатып алу шығыстары (нетто) 1,4 триллион теңге (АҚШ доллары - 66 пайыз, Ресей рублі - 24 пайыз, еуро - 10 пайыз) болғаны айтылады. Бұл көлемді, 2016 жылды қоспағанда, өткен жылдардың тиісті кезеңдеріндегі көрсеткіштермен (2012-2015 жылдардағы орташа мәні - 1,5 триллион теңге) салыстыруға болады.

Реклама
Реклама

"Қолма-қол шетел валютасына сұраныс жеке тұлғалардың жеке шығыстарын (шетелге туристік сапарлар, шетелге ақша аударымдары, жинақтарды әртараптандыру) төлеу қажеттілігіне, негізінен сауда қызметін жүргізетін шағын кәсіпкерліктің жекелеген санаттарының қажеттілігіне негізделген", - дейді банк өкілдері.

Тамызда қолма-қол шетел валютасын сатып алу көлемінің өсуіне бұрын Ұлттық банк мәлімдеген "негізсіз девальвациялық күтулердің артуы" да әсер етіпті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама