Ресей долларды тұтыну көлемін шектейді

tengrinews.kz мұрағатынан

АҚШ-тың Ресейге жариялаған санкциясына байланысты Ресей өз аумағына енетін доллардың көлемін шектеуі мүмкін, - деп мәлім етті РИА новости басылымында Федерацияның бюджеттік және қаржылық кеңесі комитетінің басшысы Сергей Рябухин.

Сенатор Батыс елдерінің экспорттық әлеуеті жоғары, ресурс қоры мол Ресей еліне қатысты санкциясына оншалықты мойынұсына қоймайды.

Дегенмен бұған дейін АҚШ Ресейдің Қырымға қатысты әрекеттеріне байланысты санкция жариялап Ресейдің бірнеше азаматтарын және аталмыш елдің 4 банкін, оның ішінде активтері ірі "Ресей" банкін "қара тізімге" енгізген болатын. 21 наурыздан бастап халықаралық төлем жүйесі Visa және MasterCard карточкасы бұл банктің тұтынушыларына қызмет көрсетуін тоқтатты.

Реклама
Реклама

Бұл әрекетке жауап ретінде Ресей тарабы ұлттық төлем жүйесін қалыптастыруға шешім қабылдап, "Ресей" банкі шетел валютасымен жұмыс істеуден бас тартты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама