18 қыркүйек 2014 09:59

Ресей салықты өсірсе, қазақстандық кәсіпкерлердің жайы не болмақ?

Алаш айнасы иллюстрациясы

Біз бұған дейін де Ресейге Еуроодақ тарапынан салынып жатқан санкциялардың әсері жайлап біліне бастайтынын, енді Ресейдің мемлекеттік компанияларын қаржыландыруы, ірі жобаларына инвесторлар тартуы, банктерінің ауқымды жобаларды қаржыландыру үрдісі қиындай түсетінін бірнеше мәрте қозғадық. «Алаш айнасы» бұған қатысты арнайы мамандармен тілдесе отырып бірнеше тақырыптарды қаузады. Ал енді біздің бүгінгі тақырыбымыз нақ қазір Ресейде өте өзекті бола түскен жайттардың бірі – кәсіп иелеріне қосымша құн салығын көтеру мәселесі. Санкциялар салқынынан абдыраған Ресейде қазір қосымша құн салығын көтеру-көтермеу жайы қызу талқыға түсуде. Бұл жайында кеше ғана Ресей үкімет басшысының бірінші орынбасары Игорь Шувалов «Ресей экономикасының өсімі тежеліп, кідіріп қалмауы керек. Қазіргі экономикалық рейтингіміздің төмендеуі біздегі салық саласына өзгерістер енгізу қажеттігін меңзеп тұр» деді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram