03 наурыз 2022 | 12:14

Ресейдің орталық банкі биржада валюта сатып алуға 30 пайыздық комиссия енгізді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Ресейдің орталық банкі 3 наурыздан бастап жеке тұлғалардан биржада доллар, евро және фунт сатып алған кезде комиссия ұстау туралы бұйрық берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің орталық банкі 3 наурыздан бастап жеке тұлғалардан биржада доллар, евро және фунт сатып алған кезде комиссия ұстау туралы бұйрық берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Ресей банкінің ұйғарымына сәйкес, 3 наурыз 9.00-ден бастап ресейлік брокерлер жеке тұлғалар шетел валютасын - АҚШ доллары, еуро және фунт стерлингті сатып алған кезде 30 пайыз комиссия ұстауға міндеттеледі. Бұл шара осы ұйғарымның күшін жойғанға дейін қолданылады", - делінген "Атон" тәуелсіз инвестиция тобының сайтындағы хабарламада.

Кейінірек бұл бұйрық Ресейдің орталық банкінде расталды.

Реклама
Реклама

"Ресейде жеке тұлғалар биржада валюта сатып алған кезде 30 пайыз комиссия ұстау брокерлер мен банктер арасындағы бәсекелестік шарттарын теңестіреді", - деді банктің баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная