09 қыркүйек 2014 11:56

Ресейдің ірі мұнай-газ өндіруші компанияларына кезекті санкцияның салынуы бізге қалай әсер етеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

*** ***

Өткенде құлаққағыс жасағанымыздай Еуроодақ бүгін Ресейдің ең ірі мұнай-газ өндіруші компаниялары «Роснефть» пен «Газпромға» кезекті санцияларын жария ететіндерін мәлім етті. Бұл жайында Еуропа кеңесінің басшысы Херман Ван Ромпей санкциялардың таяу күндері күшіне енетінін айтып отыр. Еуропалық дипломаттардың айтуынша, бұдан былай жаңа санкциялар бойынша ресейлік «Роснефть», «Транснефть» және «Газпром» сияқты ірі энергетикалық компанияларға несие беруге және оларды қаржыландыруға Еуропа тыйым салмақ.


Өткенде құлаққағыс жасағанымыздай Еуроодақ бүгін Ресейдің ең ірі мұнай-газ өндіруші компаниялары «Роснефть» пен «Газпромға» кезекті санцияларын жария ететіндерін мәлім етті. Бұл жайында Еуропа кеңесінің басшысы Херман Ван Ромпей санкциялардың таяу күндері күшіне енетінін айтып отыр. Еуропалық дипломаттардың айтуынша, бұдан былай жаңа санкциялар бойынша ресейлік «Роснефть», «Транснефть» және «Газпром» сияқты ірі энергетикалық компанияларға несие беруге және оларды қаржыландыруға Еуропа тыйым салмақ.

Херман Ван Ромпей «бұл санкциялар Еуроодақтың ресми журналында жарияланған соң күшіне енеді. Әзірге Минскідегі келіссөздерде жасалған бітімнің сақталуын бақылау үшін қосымша уақыт қажет» деді.

Сөйтіп, Еуропа енді Ресейдің ең ірі мұнай-газ өндіруші компанияларына санкциялар салуды ойластырып отыр. Ал енді біз мұнай өнімдерін Ресейден тасымалдаушы бірден-бір ел екенімізді ескерсек, мұның бізге қаншалықты әсері болады? «Алаш айнасы» мәселеге тереңдеп көруді жөн көрді.

Жалпы, мамандардың пайымдауынша, қазірдің өзінде Ресейдің «Роснефть», «Газпром», «Транснефть» тәрізді компанияларына қаржы табу қиынға соға бастаған. Себебі бұл компанияларға инвестиция салудан еуропалық инвесторлар бас тартып отыр. Сондай-ақ Ресейдің құнды қағаздар нарығында да аталмыш компаниялардың акцияларының құны түсіп кеткен. Атап айтсақ, соңғы аптада бір ғана «Газпромның» құнды қағаздары - 11 пайызға дейін арзандады. Осылайша Ресейдің ірі мұнай-газ компанияларымен серіктес инвесторлардың көңіл күйі бұзылып, қазірде бұл компанияларға салынатын инвестиция қаша бастады. Бұл ретте мамандар «Ресейге инвестиция азайса, оны бізге мысқылдаудың қажеті жоқ» деп отыр.

Марал Төртенова, экономист-сарапшы:

- Ресейге инвестиция азаяр болса, онда көрші елді мысқылдаудың қажеті жоқ. Себебі Ресей бастысы бізге күш салады. Мұндай санкциялар макроэкономикалық дамуға да кері ықпал етпек. Қазірдің өзінде Ресейдің макроэкономикалық өсімі соңғы үш айда 7 пайызға кеміген. Бюджеттік шығындары үш айдың көлемінде артып, халықтың ақшалай табыстары кеміп елде жұмыссыздар саны да артып отыр. Егер Ресейдің мұнай-газ өндірісіне салынар инвестиция азаяр болса, бұл компанияларға Еуропадан ірі көлемді несие алуға тыйым салынса, онда олар қаржы жағынан қысалады. Мұның арты өнім бағасын өсіруге апарып соқтырады. Бұдан шығатын қорытынды Ресей енді бізге беретін 40 пайыздық көлеміндегі жанар-жағармайын қымбатқа сата бастайды. Ал бұл дегеніңіз елдегі жанар-жағармай бағамы қазіргіден де қымбаттауы мүмкін екендігін көрсетеді. Сондықтан бұл жерде Ресейдің мұнай компанияларына салынар санкция бізге әсер етпейді деп бейқам отыруға болмайды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети