09 қазан 2014 13:57

Рубльдің құнсыздануы теңгеге қиын болмай ма?

©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Мәскеу қор биржасындағы ашық саудада бүгін бір АҚШ долларының бағамы 40 рубльден асты. Доллар бағамы биржаның бүгінгі алғашқы саудасында 8 тиынға өсіп, 40 рубль 08 тиынға жетті. Еуро да 22 тиынға қымбаттап, 50 рубль 82 тиынға таяды. Осылайша доллар мен еуро құнын қоса алғандағы ортақ бивалюталық бағам 44 рубль 91 тиынға дейін өсті. Бұған дейін 3 қазан күні Ресейдің орталық банкі валюта жұбы бағамы шегін 10 тиынға дейінгі шамаға еркін жіберген. Қазанның 1-і күні валюта жұбының құны белгіленген шегі - 44 рубль 40 тиыннан асып кеткен соң Ресей орталық банкі валюта бағамының құбылуын төмендету үшін валюталық интервенцияны қайта жүргізе бастаған еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram