25 желтоқсан 2018 | 13:26

Сағынтаев азық-түлік бағасының негізсіз көтерілгенін айтты

© novostink.ru

ҚР премьер-министр Бақытжан Сағынтаев еліміздегі азық-түлік бағасының негізсіз көтерілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министр Бақытжан Сағынтаев еліміздегі азық-түлік бағасының негізсіз көтерілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз осы мәселені соңғы айда белсенді түрде талқылап жатырмыз, орамжапырақ және қант бағасының өсуіне өзіндік себептері бар. Басқа да азық-түліктің қымбаттауы негізсіз. Сіз өзіңіз (ұлттық экономика министрі Сүлейменов - Авт.) тұрақтандыру қорында қажетті азық-түлік қоры барын айттыңыз. Не себепті баға өсіп жатыр? Біздің тараптан бақылау жоқ. Қияр, қызанақ, барлығының бағасы шарықтап кетті, бұған ешкім назар аударып жатқан жоқ. Өтініш, бақылауға алыңыздар", - деді Сағынтаев үкімет отырысында. 

Реклама
Реклама

Ол қазақстандықтардың тек әлеуметтік-маңызды тауарлардың бағасы түскенін ғана сезіп қана қоймай, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметінің де бағасы төмендегінен көру тиіс. 

"2019 жылы 1 қаңтардан бастап барлық жеткізушілер бекітілген төмендетілген тарифтер бойынша жүруі тиіс. Олардың жұмысы таза әрі халыққа түсінікті болуы тиіс. Осыны максималды түрде таза әрі ел білетіндей етіп істеу керек. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы", - деді Сағынтаев. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная