Самұрық-Қазына жалақыны көтереді

Фото spy.kz сайтынан

Сәуір айынан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры өндіріс қызметкерлерінің жалақысын 10 пайызға көтереді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевке сілтеме жасап. "Президенттің тапсырмасына сәйкес, сәуірдің бірінен бастап "Самұрық-Қазынаның" барлық өндірістік персоналы өз жалақысына 10 пайыздық қосымша ақы алады. Осы мақсатта біз 47 миллиард теңгені бөлуді шештік", - деп атап көрсетті бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Ө.Шөкеев. Айта кетейік, ақпанның 14-і күні Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген алқа мәжілісінде Президент "Самұрық-Қазына" қызметкерлерінің жалақысын көтеруге тапсырма берген. "Бірақ тек инженерлік-техникалық персоналға ғана, бір жерде отырған офис қызметкерлеріне емес", - деген болатын Н.Назарбаев. Сондай-ақ Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысына жағдай жасауды жүктеді. Осы орайда "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мүгедектерге арналған жұмыс орындарының санын екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама