08 қараша 2021 | 11:26

Сарапшылар Қазақстандағы көлік нарығын "автоқоқыс" деп атады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Pixabay.com

Елде автоөнеркәсіп қолдауымен жаңа автокөліктер сатылымы артқанына қарамастан, Қазақстанда, өкінішке қарай, "ескі көліктер" нарығы сақталған. Бұл туралы Energyprom.kz сарапшылары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елде автоөнеркәсіп қолдауымен жаңа автокөліктер сатылымы артқанына қарамастан, Қазақстанда, өкінішке қарай, "ескі көліктер" нарығы сақталған. Бұл туралы Energyprom.kz сарапшылары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл тамыздың аяғында Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктер саны былтырғымен салыстырғанда 1,3 пайызға азайып, 3,8 миллион болды. Бұл ретте қолданыста 10 жылдан көп болған автокөліктер бірден елдегі жалпы көлік санының 63,7 пайызы немесе 2,4 миллион көлік, 3 жылдан 10 жылға дейін қолданылған автокөліктер тағы 21,5 пайызы немесе 827,3 мың автокөлік.

Бұл ретте мұның жақсы жағы да бар: бір жыл ішінде 3 жыл толмаған жаңа көліктер үлесі 11,3 пайыздан 13,1 пайызға немесе 502,8 мыңға дейін артқан.

Реклама
Реклама

2021 жылдың қаңтар-тамызында Қазақстандағы ресми дилерлер 73,4 мың жаңа жеңіл автокөліктер мен жеңіл коммерциялық көліктерді сатқан, бұл былтырғымен салыстырғанда 39 пайызға артық.

Жаңа техника сатылымының көп бөлігі отандық автокөліктер үлесіне тиесілі: мысалы, 2020 жылдың аяғына қарай қазақстандық автомобильдердің сатылымдағы үлесі импорттық көліктердің 2 пайызына қарсы 73 пайыз болды, ал 2021 жылы Автомобиль өнеркәсібі қауымдастығының мәліметі бойынша, отандық автоөнеркәсіп үлесі 80 пайыз болған.

Бұл ретте 2019 жылға дейін жаңа жеңіл көліктер сатылымы бойынша шетелдік көліктер басым болған.

Қазақстан жолдарында тек жергілікті ескі көліктер ғана емес, негізінен ЕАЭО елдерінен келген, тіркелмеген көліктер де көп. Былтыр олардың саны 200 мыңға жеткен.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО аумағы арқылы Беларусь пен Ресейдің көлік құралдарында уақытша әкелу мерзімін есепке алмай, сенімхат бойынша жүре алады. Қазақстандықтар Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктерді сенімхат бойынша жүргізуге құқығы жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная