Сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауымыз керек - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент
Сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауымыз керек - Тоқаев chandlervid85/Freepik

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сауда саясатында батыл қадам қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сауда саясатында батыл қадам қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір көптеген елдер ішкі нарықты қорғау шараларын белсенді қолданады. Дамыған мемлекеттердің өзі протекционистік өнеркәсіп саясатына көшті. Дүниежүзілік сауда ұйымының бағалауынша, біздің елдегі ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен, небәрі 128 тарифтік емес шара.

Сондықтан біз сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауымыз керек. Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті. Бұл – біздің экономикамыз өзгелер үшін жабық деген сөз емес. Экономикамыз басқа елдерге әрдайым ашық болуға тиіс. Бірақ ұлттық бизнестің мүддесін қорғау керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама