04 желтоқсан 2019 | 11:05

Шоколад бір жылда 9 пайызға қымбаттаған

© pixabay

Шоколад бір жылда 9 пайызға қымбаттаған. Шоколад пен қанттан жасалатын кондитерлік өнімдердің өндірісі қазан айының қорытындысы бойынша жылына 6 пайызға азайған. Бұл мәлімет Energyprom зерттеуінде айтылады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шоколад бір жылда 9 пайызға қымбаттаған. Шоколад пен қанттан жасалатын кондитерлік өнімдердің өндірісі қазан айының қорытындысы бойынша жылына 6 пайызға азайған. Бұл мәлімет Energyprom зерттеуінде айтылады. 

Зерттеуге қарағанда, 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында шоколад және кондитерлік өнімдер мен қант өндірісі 81,2 мың тоннаға жеткен - өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда бұл 6,3 пайызға кем. Өндірістің құлдырауы екінші жыл қатарынан байқалады: 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында көлемі 2017 жылдың қаңтар-қазан айымен салыстырғанда 12,2 пайызға, 86,7 мың тоннаға дейін қысқарған.

Реклама
Реклама

2018 жылы сектордағы шығарылым 103,9 мың тоннаға жеткен - 2017 жылға қарағанда бұл 11,1 пайызға аз.

Барлық өндірілген шоколад пен одан жасалған бұйымдардың жартысынан астамы Алматыға тиесілі екен: 41,4 мың тонна. 

Екінші орында Қостанай облысы: 28,2 мың тонна, бұл барлық өндіріс көлемінің үштен бір бөлігі. 

Қалған өңірлерге ҚР-да шоколад пен кондитер өнімдерін шығарудың 14 пайыздан астамы келеді.

2018 жылдың қазан айында шоколадқа тұтыну бағаларының индексі 108,8 пайызға тең болды. Айта кетерлігі, бір жыл бұрын қазан айында бағалар бірдей өсті: бір жыл ішінде 8,9 пайыз.

Соңғы жылдары тиісті айда шоколад бағасының өсуі 2016 жылы байқалды, қазан айының қорытындысы бойынша шоколадтың жылдық қымбаттауы 23 пайызға жетті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная