Соғым маусымында ет қымбаттамайды - Астана әкімдігі

© insideclimatenews.org

Бас ?алада со?ым маусымында сиыр етіні? ба?асы 1 350 те?геден аспайды, - деп хабарлайды елорда ?кімдігіні? медиа орталы?ы Астана ?аласыны? Ауылшаруашылы? бас?армасына сілтеме жасап.

Бас қалада соғым маусымында сиыр етінің бағасы 1 350 теңгеден аспайды, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы Астана қаласының Ауылшаруашылық басқармасына сілтеме жасап.

Астанада ет бағасын тұрақтандыру мақсатында ірі тауар өндірушілерімен коммуналдық базарға сиыр етін бекітілген бағамен тікелей жеткізу бойынша келісім шарттар жасалды.

"Аталған келісім шарттар шеңберінде сиыр етінің алдыңғы жауырын бөлігін сатып алу бағасын (1300 теңге/келі) және бөлшек сату бағасын (1350 теңге/келі) белгілеуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге, Ақмола облысының Целиноград ауданы өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда сиыр етінің бағасын 1300тг/кг бекітілген", - делінген Ауылшаруашылық басқармасы таратқан ақпараттық хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыруға оның ішінде ет бағасын реттеуге қалада апта сайын өткізіліп жатқан ауылшаруашылық жәрмеңкелері септігін тигізіп жатыр.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бүгінге дейін Астанада 64 аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, онда 27 440 мың тонна өнім сатылды. Қала әкімдігі аталған жәрмеңкені қараша айының соңына дейін өткізуді көздеп отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама