Сұлтанов онлайн-саудада жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салықтан босатуды ұсынды

© pixabay.com

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов еліміздегі онлайн жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салықтан босатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов еліміздегі онлайн жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салықтан босатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Карантин кезінде онлайн сауданың және төлем операцияларының өсімі байқалды. Ұлттық банктің 1 мамырдағы мәліметінше, қолма-қол ақшасыз операциялар 2,5 есе өсіп, шамамен 7,5 триллион теңгеге жақындады", - деді министр үкімет отырысында.

Ол ҚР Салық кодексіндегі жеке кәсіпкерлер үшін корпоративті табыс салығы мен жеке табыс салығынан босату туралы нормаға түзетуді қолдауды ұсынды. Оның пікірінше, бұл жағдайда электронды саудадан түсетін табыс жылдық кірістің кемінде 40 пайызын құрауы керек.

Реклама
Реклама

"Қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануды ынталандыру үшін Ұлттық банкпен бірлесіп, банкаралық аударымдар, эквайринг үшін комиссияны төмендету, сондай-ақ жаңа банктік емес төлем жүйелерін дамыту мәселелерін пысықтау керек", - дейді Бақыт Сұлтанов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама