ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қараша 2019 | 10:53
Сұйық май бағасы бір жылда 15 пайызға өскен
Тазартылған сұйық май өндірісі бір жылда 15 пайызға өскен, ал тазартылмағаны - 19 пайызға. Сұйық майдың ең жоғары бағасы батыс өңірлерде және елордада тіркелген. Ақтауда қазан айында орташа бағасы - 487 теңге (бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға жоғары). Нұр-Сұлтанда сұйық май бағасы 1,9 пайызға өсіп, 473 теңге болды, ал Атырауда 4,4 пайызға өсіп, 454 теңге болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Ең төмен баға - ірі қалалар мен мегаполистерде: Қарағандыда 380 теңге, ал Павлодарда 400 теңге.
Қазақстан бойынша бір жылда 3,2 пайызға өсіп, орташа баға 434 теңге болған. Айта кетейік, осы аралықта азық-түлік және алкогольсіз сусындар бағасы 9,7 пайызға өсті.
Тазартылмаған сұйық май өндірісі бір жылда 19,2 пайызға өсіп, үш тоқсанда 129,8 мың тонна болға, ал тазартылғаны 15,3 пайызға өсіп, 92,3 мың тонна болған.
Сұйық май өндірісі бойынша - Шығыс Қазақстан облысы көш бастап отыр. Еліміздегі барлық өндірілетін тазартылмаған сұйық майдың 84,5 пайызы, ал 63,1 пайызы тазартылған.
Статистика комитетінің мәліметінше, отандық күнбағыс майын өндіру биылғы қаңтар-тамыз айының қорытындысы бойынша сектордағы сұранысты 72,4 пайызға жабады; тиісінше импорт үлесіне тек 27,6 пайыз ғана қалады. 8 ай ішінде ішкі нарықта майды сату 220,8 мың тоннаға тең болды - өткен жылмен салыстырғанда 19,6 пайызға артық.
Жалпы алғанда, өсімдік майларының сегменті бойынша, ведомство деректері бойынша, импорт - 25,9 пайыз, жергілікті өндірушілердің үлесі тиісінше - 74,1 пайыз.
Үш тоқсан ішінде өсімдік майлары мен майлар импортының жалпы көлемі 121,7 мың тоннаға немесе 95,5 миллион АҚШ долларына тең. Дегенмен, бұл бір жыл бұрын заттай көрсеткіште 3,1 пайызға және ақшалай көрсеткіште 16,2 пайызға аз.
Показать комментарии
Читайте также