09 қараша 2021 | 15:28

"Талонмен сатып жатыр". Қазақстан аймақтарында автогаз қымбаттады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан аймақтарында автогаз қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан аймақтарында автогаз қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында автогаз бағасы литріне 120 теңгеге дейін көтерілді. Кейбір автогаз құю станцияларында отын тек талон бойынша беріледі. Сұйытылған газ 1 қарашадан кейін қымбаттап кеткен. БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 5 мың тонна автогаз қажет болған жағдайда өңірге 1 мың тоннаға жуық автогаз жіберілгенін хабарлады. Сұйытылған газдың қалған көлемін өткізушілер электрон сауда алаңдарында сатып алуы тиіс. Тапшылық жоқ.

Автобус жүргізушілері автогаздың қымбаттауына наразылығын білдірді. Жол жүру бағасын Орал-Ақсай және Орал-Атырау бағытындағы такси жүргізушілері көтеріп жіберген.

Реклама
Реклама

Жыл басынан бері автогаз Қостанайда екі есе қымбаттады. Егер қаңтарда көгілдір отынды литріне 65 теңгеден құюға болатын болса, қазір оның құны 124,9 теңгеге дейін өсті. Өңірдің отын нарығындағы соңғы дүрлікпе қыркүйектің аяғында болды, газ тапшылығынан қостанайлық жүргізушілерге автогаз тек талон арқылы берілген. Кейін жағдай тұрақталды, бірақ баға өсіп жатыр.

Бір айдан аса уақыт бойы Өскеменде автогаз бағасы өзгеріссіз қалды. Шығыс Қазақстан облысының орталығында газ литріне 120 теңге тұрады.

"Газ бағасы шамамен бір ай бұрынғы 99 теңгеден бірден 120 теңгеге дейін өсті. Әзірге ұстап тұр. Егер талдау жүргізсек, биылғы ақпаннан бастап газдың құны екі есеге жуық – 67 теңгеден 120 теңгеге дейін өсті", - деді Өскемендегі жанармай құю санциясы қызметкері Галина.

Жүргізуші Серік Құмарғажиннің айтуынша, қалада газ тапшылығы жоқ. Алайда, ол жанармай бағасының тұрақсыздығына алаңдайды.

Павлодарда автогаздың құны литріне 103 теңгеден 105 теңгеге дейін ауытқып тұр. Тек бір ірі ЖҚС желісі автогазды талон бойынша береді. Ол кешегі күнге дейін газды литріне 92 теңгеден сатты, бірақ 8 қарашадан бастап мұнда баға 103 теңгеге дейін көтерілді. Айта кетейік, ірі жанар-жағармай құю станцияларында бір литр газдың бағасы 100 теңгеден 105 теңгеге дейін өскен.

Солтүстік Қазақстан облысында энергетика және ТКШ басқармасының мәліметінше, автокөліктерге жанармай құю үшін газ сатумен 7 газбен жабдықтау ұйымы айналысады. Олардың қорында 833 тонна көгілдір отын бар, жақын күндері тағы 809 тонна жеткізіледі деп күтіледі. Қазанның аяғында өңірде газ құны орта есеппен 10 теңгеге өскен. Әкімдік мәліметінше, өсім электрон сауда алаңындағы бағаның өсуіне байланысты. Қазір жанармай құю бекеттеріндегі газдың орташа бағасы 110-130 теңге аралығында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная