21 ақпан 2020 | 10:02

Темекі Қазақстанның қай аймағында қымбат?

Фото: Pixabay.com

Қазақстанда қаңтардың қорытындысы бойынша темекі бағасы 10 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қаңтардың қорытындысы бойынша темекі бағасы 10 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2020 жылдың қаңтарында шылым мен темекі өнімдері 26,5 пайызға артқан, 521,2 миллион данасы өндірілген. 2019 жылы дәл сол кезеңде өнім 33,5 пайызға аз болған еді. 

Реклама
Реклама

2019 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында темекінің 17,4 миллиард данасы өндірілген - бұл алдыңғы жылға қарағанда 4,1 пайызға аз. 

Биыл қаңтарда темекі қымбаттаған. Темекінің бір қорабының орташа бағасы 10,4 пайызға өскен, бұл - 452,5 теңге. 

Қазақстанда темекі бағасы жоғары аймақ - Ақтөбе, оның орташа құны 485 теңге. Нұр-Сұлтан (бір қорабы 478 теңге), Қостанай (476 теңге), Ақтау (471 теңге) және Көкшетауда да (468 теңге) темекі құны орташа бағадан жоғары. 

Ал темекі ең арзан аймақтар - Талдықорған (423 ттеңге), Атырау (433 теңге) және Петропавл (439 теңге).


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная