Теңге бағамы төмендеп жатыр

© Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 347,69-ға тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 наурыздағы күндізгі сессияда ең жоғары келісімнің бағасы 349 теңгеге жетті, ал төменгі баға 348,5 теңге болды. Ақша айырбастау орындарында шетел валютасы 348,5 теңгемен саудаланып жатыр.

Айта кетейік, бүгін таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 344,77-ге тең болған еді. Осылайша, алдыңғы сессиядан бері теңге бағамы 3 теңгеге түсіп отыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін түстен кейін Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валютасымен сауда-саттық тоқтатылған болатын. Дегенмен 25 минуттан кейін бұл қателік қалпына келтіріліп, доллармен сауда-саттық жаңартылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама