Теңге бағамы: Ұлттық банк 64,6 миллион долларға интервенция жүргізді
Қазақстан Ұлттық банкінде теңге бағамын ұстап тұру үшін 2 желтоқсанда өткізілген валюталық интервенциялар туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Ұлттық банкінде теңге бағамын ұстап тұру үшін 2 желтоқсанда өткізілген валюталық интервенциялар туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, 2 желтоқсанда биржадағы теңге-доллар сауда-саттығының көлемі 292 миллион долларға жетті, бұл - 2020 жылдың сәуірінен бастап қарағанда рекордтық көрсеткіш.
"Сауда-саттық көлемінің өсуі және бір доллар үшін 436 теңгеге дейін бағамның әлсіреуі шетел валютасына сұраныстың артуы аясында болды, ол мынадай факторларға тікелей байланысты.
Біріншіден, "омикрон" штамының таралуына қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты мұнай бағасының құлдырауы. Мәселен, 1 желтоқсанда Brent маркасының баға белгілеулері барреліне 70 доллардан төмен түсіп, 68,14-ке жетті, бұл - биылғы жылдың тамызынан бастап қарағанда ең аз көрсеткіш.
Екіншіден, мұнай бағасының төмен деңгейге түсуі компаниялар мен жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына қосымша ішкі сұранысты туындатты. 1 желтоқсан Қазақстанда демалыс күні болғандықтан, сұраныстың бір бөлігі ЕДБ онлайн-платформалары арқылы іске асырылды. Сондықтан жүйелері валютаны онлайн режимінде айырбастауға мүмкіндік беретін барлық дерлік банктер 2 желтоқсанда таңертең қысқа позицияда болды, яғни олар жұмыс уақытынан тыс уақытта өз тұтынушыларына сатылған валютаны сатып алуға мәжбүр болды.
Ал сұраныстың бір бөлігі сауда-саттық ашылғаннан кейін бірден биржа нарығына құйылды. Сондықтан кеше банктер өз клиенттеріне қысқа позицияны жабуға және жаңадан келіп түскен өтінімдерді орындауға валюта сатып алды", - деді ол.
Шетел валютасына айтарлықтай сұраныс резидент емес инвесторлар тарапынан да туындады. Дамушы нарықтардан жаһандық тасымалдау аясында резидент емес инвесторлар теңгеден шетел валютасына кері айырбастады. Сұраныстың артуы банкаралық нарықтағы баға белгіленімдеріне әсер етті, сатып алу бағамы бір доллар үшін 441 теңгеге дейін жетті.
"Шетел валютасына сұраныстың оның ұсынысынан едәуір асып түсуі аясында валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Ұлттық банк 2 желтоқсанда 64,6 миллион доллар көлемінде интервенция жүргізді. Бұл алыпсатарлық және айырбас бағамын тұрақсыздандыратын жағдайларға жол бермеуге мүмкіндік берді. Банктердің қысқа позицияларымен және резидент емес инвесторлардың шығуымен байланысты қосымша сұраныс толық көлемде қанағаттандырылды", - деді Молдабекова.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары ішкі нарықта валютаға сұраныс сақталып отырғанын атап өтті. Жыл соңына қарай компаниялар бюджетті игерудің, төлемдерді жүзеге асырудың белсенді кезеңінде тұр, бұл шетел валютасына сұранысты арттырады.
Оның айтуынша, ОПЕК+ өндіру көлемін біртіндеп арттыру туралы алдыңғы уағдаластықтарды күшінде қалдыру шешіміне қарамастан, мұнай котировкалары бастапқы overreaction (шектен тыс реакция - ЕСК. ред.) және барреліне 70 доллар шамасында жабылды. Жағдайдың одан ары дамуы коронавирустың жаңа штамының таралу қарқынымен және оның вакцинаға қарсы сипатымен анықталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!