Теңге нығайды

?лтты? валюта ба?амы KASE ?ор биржасыны? к?ндізгі саудасында 332,37 те?геге те? болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы?ан дейінгі сессияда ?лтты? валютаны? доллар?а ?атысты ба?амы 332,48 те?ге бол?ан еді.

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының күндізгі саудасында 332,37 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейінгі сессияда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 332,48 теңге болған еді.

14 тамыздағы күндізгі сауданың бірінші келісімі 332,6 теңгемен өтті. Минималдық құны 332,09 теңге болды, ал максималдық құны - 332,61 теңге. Сауданың жалпы көлемі 54,5 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 332,5-333,4 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Реклама
Реклама

Brent маркалы мұнай бағасы Астана уақытымен сағат 15.55-те барреліне 51,8 доллар болды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама