Теңгенің долларға қатысты бағамы 345,50-ге тең болды

© Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 345,50-ге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валюта 4 сәуірдегі соңғы сессияға қарағанда шамамен 1 теңгеге әлсіреп отыр.

5 сәуірдегі таңғы сессияның алғашқы келісімі 345,5 теңгемен өтті. Саудада ең төменгі баға 345,3 теңге болса, жоғарысы 345,9 теңгеге жетті. Сессия кезінде сауда көлемі 28,6 миллион доллар болды. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау пункттері шетел валютасын 343-345,5 теңге аралығында саудалап жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама