Теңгенің долларға қатысты бағамы әлсіреді

Теңгенің долларға қатысты бағамы әлсіреді © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 340,81-ге тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, кеше соңғы сессия 340,01 теңге көрсеткішімен қорытындыланған болатын.

29 наурыздағы таңғы сессия 339,75 теңге келісімімен басталды. Сессия барысында ең төменгі баға 338,45 теңге болса, жоғарысы 342,7 теңгеге жетті. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау пункттері шетел валютасын 337-342 теңге аралығында саудалап жатыр.

Intercontinental Exchange порталындағы мәліметтерге сүйенсек, Астана уақытымен сағат 10.52-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың баррель құны 39,98 долларға тең.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама