Тимур Сүлейменов теңгенің құлдырау қаупін бағалады

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің құлдырау қаупін бағалады. Оның айтуынша, ұлттық валюта үшін мұндай қауіп жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің құлдырау қаупін бағалады. Оның айтуынша, ұлттық валюта үшін мұндай қауіп жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық валютаның құлдырау қаупі жоқ. Өйткені құлдырау – бұл бір күнде валюта бағамының жарты есеге төмендеуі. Бізде соңғы екі аптада, мүмкін одан да көп уақыт ішінде 495-498 бағамы байқалды. Қазіргі 507-ге дейін төмендеді. Бұл 2 пайыз ғана, бұл құлдырау емес", – деп түсіндірді ол.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова доллардың теңгеге қатысты нығаюына байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) кірістілігі артады деп күтетінін айтты.

Реклама
Реклама

"Біз арнайы түрде БЖЗҚ-дағы валюталық активтердің үлесін арттырдық, бұл кірістілікті қамтамасыз ету және әртараптандыру үшін жасалды. Тек теңгелік активтерде шоғырланбау үшін", – деп нақтылады Тимур Сүлейменов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная