ПОДЕЛИТЬСЯ
01 шілде 2020 | 14:32
Тоқаев айырбас бағамын тұрақтандыру үшін шара қабылдауды тапсырды
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев пен басқарма мүшелері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылғы қаржы-несие саясатының қорытындысы туралы есеп берді. Мемлекет басшысы айырбас бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуді маңызды мәселе ретінде атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Бұл мәселеде Үкімет пен Ұлттық банк үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін атап айтқым келеді. Квазимемлекеттік компаниялардағы басы артық валютаны ішкі нарыққа сату тәжірибесін жалғастыра беру керек. Ұлттық банк қажет болған жағдайда айырбас бағамын тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қабылдайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, кепілсіз тұтыну несиесіне қатысты мәселені ұдайы бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берілді.
Сондай-ақ, Тоқаев банктер әрбір клиент үшін белсенді күреспейтінін айтты.
"Соңғы үш жылда экономиканы несиелеудің өсімі аса байқалмады. Банктер жұмыс барысында барынша қолайлы және тиімді жағдай ұсына отырып, әрбір клиент үшін белсенді күреспейді. Сонымен қатар қазіргі жағдайда бизнеске қаржы ресурсы қажет және оны жылдам алуы керек. Сондықтан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, экономиканы, шағын және орта бизнесті несиелеуді арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауы қажет", - деді Президент.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также