26 қаңтар 2021 | 15:04

Тоқаев Қазақстандағы газ тапшылығының қаупі туралы айтты

Фото ©РИА Новости

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда газ тапшылығы туындау қаупін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда газ тапшылығы туындау қаупін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлемді жасылдандыру белсенді қолға алынуына байланысты мұнай саласының дәуірі аяқталып келеді. Көптеген дамыған ел 2050 жылға қарай көміртекке бейтарап болуға міндеттеме алды. Осыған байланысты көмірсутек шикізатын қарқынды игеру және ұлттық қорды толтыру үшін жаңа ынталандырулар қажет.

Бүгінде табиғи газдың ішкі нарығы реттелген. Бұл ресурстық базаның ұлғаюын, геологиялық барлау инвестицияларын және газ өңдеу қуатының құрылысын тежейді. Тұтыну нарығы өсіп жатыр. 2027 жылға қарай газды тұтыну көлемі 26 миллиард текше метрге дейін өседі деп күтіледі. Газдың жетпей қалу қаупі бар. Газ саласында ұлттық оператор жұмысының тиімділігін арттырып, оған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының бірқатар функцияларын беру керек. Жалпы кешенді шешімдер қабалдау керек. Үкіметке "Самұрық-Қазынамен" бірлесіп, газ нарығын реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырамын. Сондай-ақ, ресурстық базаны арттыру үшін арнайы шаралар қабылдансын", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының қайта құрылатыны хабарланды. ҚМГ басшысы Алик Айдарбаев "ҚазТрансГазды" "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына тікелей бағындыруды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная