Трамп мұнай бағасына соққы жасайды деген қаулы дайындап жатыр - БАҚ

© REUTERS

А?Ш президенті Дональд Трамп осы аптада А?Ш жа?алауында?ы аума?тарда м?най мен газ шы?ару туралы ?аулы?ы ?ол ?ойма?шы. Б?л туралы Politico басылымына ?кімшілікті? жоспарларымен таныс дерекк?здер хабарла?ан, - деп жазады РИА Новости.

АҚШ президенті Дональд Трамп осы аптада АҚШ жағалауындағы аумақтарда мұнай мен газ шығару туралы қаулығы қол қоймақшы. Бұл туралы Politico басылымына әкімшіліктің жоспарларымен таныс дереккөздер хабарлаған, - деп жазады РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Трамп 32 қаулыға қол қоймақшы. Олардың бірі ел жағалауындағы аймақтарда газ бен мұнай үшін оңтайлы жерлерді шолуға арналады. Сондай-ақ, осы ресурстарды дайындауға қатысты нақтыланған нұсқамалар туралы болады. Қаулыларға қол қойылса, бұл қайраңда мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылаудың бірінші қадамы болады.

Алайда Барак Обама өзінің президенттік қызметінің соңында Атлант мұхиты мен Аляска жағалауындағы аумақтарда мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылауға тыйым салған болатын.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 10.15 -те Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 52,2 доллар болды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама