Ұлттық банк азық-түліктің қымбаттауына қатысты мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Ұлттық банк азық-түліктің қымбаттауына қатысты мәлімдеме жасады Фото: ©РИА Новости

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов азық-түлік бағасының көтерілуі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов азық-түлік бағасының көтерілуі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пірматов геосаяси жағдайдың нашарлауы мен сыртқы тәуекелдерді ескере отырып, инфляцияны арттыру болжамы қайта қаралып жатқанын айтты.

Инфляция тәуекелдері 2022-2023 жылдардағы нысаналы дәлізден айтарлықтай өскені байқалады.

Жарнама
Жарнама

"2022 жылдың ақпанында жылдық инфляция 8,5 пайыздан 8,7 пайызға дейін жеделдеді. Азық-түлік тауарлары инфляцияға үлкен үлес қосады, олардың бағасының өсуі нан-тоқаш өнімдері, жарма, сүт өнімдері мен көкөністердің қымбаттауына байланысты 10 пайызға дейін өсті", - деді Пірматов Үкімет отырысында.

Ол азық-түлікке жатпайтын инфляция 8,5 пайыздан 8,6 пайызға дейін өскенін айтты. Ақылы қызмет көрсету 6,8 пайыздан 7,1 пайызға дейін жеделдеді, бұл бірқатар нарықтық қызмет бағасының өсуіне байланысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама