ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сәуір 2020 | 16:38
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,5 пайызға төмендетті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банк мәліметінше, бұл шешім 6 сәуірден бастап күшіне енді.
"ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеменің деңгейін жылдық 9,5 пайызға дейін төмендету және пайыздық дәлізді +/- 2 пайыздық тармаққа дейін кеңейту туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті беру бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,5 пайыз, өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша 7,5 пайыз болды", - дейді банктегілер.
Сондай-ақ, қаржы институты бұл шешімнің инфляцияны тұрақтандыруға ықпал ететінін айтады.
"Мұнай бағасының екі есе құлдырауы, OPEC+ келісіміне қатысты бұдан былайғы перспективалардың белгісіздігі және COVID-19 коронавирусының пандемиясы аясында 2020 жылғы наурызда қабылдаған Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені 12,0 пайызға дейін арттыру және теңгенің айырбастау бағамын тепе-тең деңгейде қалыптастыру туралы шешімдері инфляциялық күтулерді тұрақтандыруға және сыртқы күтпеген өзгерістер ықпалының қаржы нарығына таралуын шектеуге бағытталды", - дейді Ұлттық банктегілер.
Айта кетейк, банктің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 27 сәуірде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также