26 қаңтар 2021 | 11:43

Ұлттық банк ел экономикасының 2021 жылға арналған болжамын айтты

Ұлттық банк 2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап Қазақстан экономикасының траекториясы оң болады деп болжап отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк 2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап Қазақстан экономикасының траекториясы оң болады деп болжап отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Қазақстанда 2020 жылдың қорытындысы бойынша, жал­пы ішкі өнім 2,6 пайызға қысқарды, бұл жалпы әлемдік құлдыраудан төмен. 

Реклама
Реклама

"2020 жылдың екінші тоқсанында рекордтық құлдыраудан кейін іскерлік белсенділік дағдарысқа дейінгі деңгейге қалпына келеді. Ұлттық банктің болжамы бойынша, 2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап Қазақстан экономикасы оң траекторияға шығады", - деп мәлімдеді Досаев Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Ұлттық банк болжамы бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы барреліне 45 доллар болған кезде өсім 3,7-4,0 пайыз болуы мүмкін.

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтанда Үкіметтің кеңейтілген отырысы болып жатыр. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная