ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2020 | 15:48
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты пікір білдірді
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 қыркүйектегі сауда-саттық нәтижесі бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы 0,4 пайызға әлсіреп, бір доллар 431 теңгеден асты.
"Мұнай бағасының құлдырауы және көмірсутектерге деген сұраныс пен нарықтағы басқа да қауіп-қатерлер ұлттық валютаға қысым жасап жатыр.
Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің көбеюі аясында әлемде отынға деген тұрақты сұраныстың ұзаққа созылу қаупі күшейе түсті. Көптеген экономис пен нарықтағы мамандардың болжамынша, мұнай тұтынудың деңгейі тек алдағы 1,5-2 жылда айтарлықтай өсуі мүмкін. Сонымен қатар, мұнай бағасын белгілеуге Ливиядағы шикізат өндірісінің жандануы да әсер етеді.
Осылайша, 29 қыркүйекте Brent маркалы мұнай баррелінің құны 42,43 доллардан 41,03 долларға дейін төмендеді немесе 3,3 пайызға түсті. Ал WTI маркалы мұнай баррелінің құны 40,6 доллардан 39,29 долларға дейін төмендеді немесе 3,2 пайызға түсті", - дейді Әлия Молдабекова.
Сонымен қатар, ол бүгін де мұнай бағасы төмендегенін де атап өтті. Оның айтуынша, Brent маркалы мұнай 40,54 доллар деңгейінде сатылып жатыр. Бұл осы айдың басындағы бағамен салыстырғанда 10,5 пайызға төмен. Осы уақыт аралығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 2,7 пайызға әлсіреп, бір доллар 431,64 теңге болған.
"Жалпы әлемдік қаржы нарығында құбылмалылық пен жаһандық risk-off өсуі байқалып отыр. Бұл дамушы нарықтағы валюталарға теріс ықпал етті. Қыркүйектің басынан бері түрік лирасы 6,7 пайызға, Бразилия реалы мен Мексика песосы 2,6 пайызға құнсызданды. Ал Ресей рублі 6,6 пайызға төмендеді. 29 қыркүйекте Ресей Федерациясының ұлттық валютасының деңгейі 79,97 айлық минимумға жетті. Рубль бағамының әлсіреуі геосаяси тәуекелдердің өсуіне және ЕО санкциялар тізімдерінің кеңеюі туралы есептерге байланысты болып отыр.
Теңгенің айырбас бағамы сыртқы факторларға сәйкес қалыптасады. Оның негізгісі мұнай бағасы болып саналады", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также